BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Астанаға Қытай Төрағасы келді

Фото: ҚазАқпарат

Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанатына қатысу үшін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинь Қазақстанға ресми сапармен ұшып келді, деп хабарлайды BAQ.kz..

Қытай төрағасына Астана әуежайынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Мамин мен ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қарсы алды.

Еске сала кетейік, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинь Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен 7-10 маусым аралығында Қазақстанда ресми сапармен болады. Сапар барысында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитіне және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына қатысады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер