BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада қытай жаңа жылының құрметіне концерт өтті

Астана. 7 ақпан. Baq.kz - Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында қытайлық ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды мерекелеуге арналған «Көктемнің көңілді мерекесі» атты жылсайынғы гала-концерт өтті.

Қыстың аязды күндерінен кейін табиғаттың оянып, тіршілік басаталуының алдындағы Жаңа жылды қытай халқы «Чуньцзе» – «Көктем мерекесі» деп атайды. Осы жылы қытай Жаңа жылы ақпанның 7-нен 8-не қараған түніне дөп келіп тұр және оны мерекелеу бір айға дейін созылады. Осы мерекелік шараның құрметіне орай Қытай халық республикасының Қазақстандағы елшілігі қазақстандық және қытай әртістерінің қатысуымен өткен ауқымды концерт ұйымдастырды.
«Көктем мерекесі қытай халқының ұлттық мейрамы болып табылады. Қытайдың Мәдениет министрлігінің бастамасымен аталған мәдени шара Қазақстанда осымен жетінші рет өткізіліп отыр. Мына сахнаның арқасында көптеген қазақстандықтар біздің қуанышымызға ортақтаса алады, ал бұл өз кезегінде біздің елдеріміздің арасындағы түсіністік пен достықты нығайта түседі», – деді мерекелік шарада сөз сөйлеген ҚХР-ның Қазақстандағы Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй.
Концерт бағдарламасы бойынша би, ән, музыкалық аспаптар және цирк өнерін қамтитын нөмірлер көрсетілді. Синьцзян опера және балет көркем ансамблінің әртістері Қытайдың ұлттық дәстүрінің ерекшеліктерін айшықтай түсті. Бұл ансамбльдің құрамына қазақтар, ұйғырлар, дүңгендер, өзбектер, қырғыздар, моңғолдар және тағы басқа көптеген ұлттар кіреді.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер