BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Астанада 13 миллион долларға араб мектебі ашылады

Астана. 27 мамыр. Baq.kz - Астанада Қазақ-Әмiрлiктер орта мектебi ашылады. Бұл туралы Қазақстанның Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiнiң елшiсi Қайрат Лама Шариф ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнде өткен брифинг барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды Baq.kz. 

«Биылғы оқу жылында Астанада 900 оқушыға арналған Қазақ-Әмiрлiктер орта мектебi ашылады. Аталған оқу орны «Әбу Даби плаза» мен ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесi аралығында орналасады. Мектеп БАӘ Президентi шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның Қайырымдылық қорының көлемi 13 млн доллар құрайтын өтеусiз гранты есебiнен бой көтеруде», - дейдi елшi.
Дипломаттың айтуынша, жақын арада қос мемлекеттiң мегаполистерi - Алматы мен Дубай арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылмақ. Нәтижесiнде ынтымақтастықтың барлық бағыттары дами түседi. Оған сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мен күшейту, бизнес-жоспарлар мен инвестициялық жобаларды бiрлесiп iске асыру, көлiк-логистикалық және қаржы салаларында тәжiрибе алмасу, бiрлескен мәдени iс-шараларды ұйымдастыру, бiлiм, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастықты дамыту жатады. 

Фото: Азамат ӘЛИЕВ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер