BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Анкарада ТүркПА іс-шарасы өтуде

Астана. 17 мамыр. Baq.kz - Кибернетикалық қылмысқа (киберқылмыс) бірлесе қарсы тұру және осы саладағы ұлттық заңнамаларды жетілдіру мәселесі ТүркПА-ның Анкара қаласында 17-18 мамырда өтіп жатқан Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар комиссиясының кезекті бесінші жиналысында талқылануда. 

Іс-шараға комиссия төрағасы, Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің депутаты Халүк Ипек төрағалық етуде. Қазақстаннан барған парламенттік делегацияның құрамында Парламент Мәжілісі депутаты Нұрлан Дулатбеков пен сенатор Бақтыбай Шелпеков бар.
Өз сөзінде депутат Н.Дулатбеков Қазақстан Республикасында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Қылмыстық кодекстің енгенін және бұл құжаттың жаһандану үрдісі тереңдеп бара жатқан қазіргі кезеңдегі қоғамдық қатынастарды реттеудегі маңызын және оның киберқылмыс мәселесін де қамтитынын кеңінен айтып өтті.
Жиналыс барысында комиссия баяндамасының жобасы мен ұсыныстары талқыланды. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер