BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Алматы Достастық елдерінің 2014 жылғы мәдени елордасы атанды

 АСТАНА. 20 наурыз. BAQ.KZ – «Достастықтың мәдениет елордасы» мемлекетаралық бағдарламасының аясында Алматы Достастық елдерінің 2014 жылғы мәдени елордасы атанды. Бұл туралы ortcom.kz сайты хабарлады.

 ТМД елдерінің арасындағы гуманитарлық байланыс халықаралық қоры басқармасының тең төрағасы Михаил Швыдкой Алматы әкімі Ахметжан Есімовке арнайы сертификат табыс етті, деп хабарлады «Новости-Казахстан» ақпараттық агенттігі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарламада атап көрсетілгендей, ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастығының халықаралық қоры бағдарламасының аясында бірнеше жыл бұрын жүріп келе жатқан «Достастықтың мәдени астанасы» эстафетасы елдер мен халықтардың арасындағы мәдени байланыстарды кеңейтіп және нығайтып отыр.

Ахметжан Есімов өз сөзінде, Алматының небір дарынды мәдениет және өнер қайраткерлерінің шоқтығы қалыптасқан қала екенін атап көрсетті.

«Біз үшін Алматының Достастықтың мәдени орталығы болып таңдалғаны өте маңызды. Қаламызда 230 мәдени ұйымдар бар. Олар - 20 мұражай, 14 көркемдік галерея, 19 театр, 27 концерттік және мәдени - сауық орталықтары», - деді Ахметжан Есімов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер