BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алимент өндірудегі әріптестігіміз Еуропалық Одақпен астаса түспек

Астана. 22 ақпан. Baq.kz – Қазақстан балалар құқын қорғауды басымдыққа алған ел болғандықтан, осы саладағы әріптестігін енді Еуропалық Одақпен де астастыра түскісі келеді. Мұндай мәлімдемені бүгін Парламент Сенатында сөз алған Әділет вице-министрі Эльвира Азимованың айтты, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында вице-министр «Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы жөнінде баяндама жасаған болатын.

«Біздің еліміз балалар құқын қорғауды басым бағыттардың бірі ретінде айқындаған. Сондықтан да, конвенцияны ратификациялау елімізде жүзеге асып жатқан саясатқа сәйкес келетіндіктен, құжатты қабылдауды ұсынамыз. Негізінен, бұл заң жобасын қабылдау арқылы алименттерді өндіріп алу бойынша 32 мемлекетпен және Еуропалық Одақпен ынтымақтастығымызды арттыра отырып, өзара қызметімізді үйлестіре түсетін боламыз», - дейді ол.

Айта кетейік, халықаралық Конвенция нормалары 21 жасқа дейінгі бала – ата-ана арасындағы қатынастардан туындайтын алименттік міндеттемелерге, сондай-ақ, жұбайын күтіп-бағу туралы шешімді тануға және орындатуға қатысты қолданылады.

Ал депутаттардың түсіндіруінше, бұл құжатты қабылдау аясында ата-аналар жауапкершілігі күшейтіледі деп күтіліп жатқан көрінеді.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер