BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Академияда Норвегия, Швеция және Финляндия елшілері дәріс оқыды

Астана. 16 ақпан. Baq.kz - 2016 жылдың 16 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына Қазақстан Республикасындағы Норвегия Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Оле Йохан Бёрной, Қазақстан Республикасындағы Швеция Корольдігінің елшісі Эрик Николай Камилл және Қазақстандағы Финляндия Республикасының елшісі Илкка Унто Калерво Райсанен келді. 

Іссапар шеңберінде Академияның магистранттары, қызметкерлері және профессор-оқытушылар құрамы Скандинавия елдерінің елшілерімен кездесті, шетелдік қонақтар «Солтүстік еуропалық ынтымақтастық: тиімді жақтары және парадоксы» тақырыбында дәрістер оқыды. Үш елдің елшілерін Академияның ректоры Болатбек Абдрасилов қарсы алып, аталған іс-шараның маңызды және өзекті екенін айтып, Қазақстанның жас мемлекеттік қызметшілері Норвегия, Финляндия, Швеция елдерінің мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат саласындағы озық тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытатынын атап өтті.

Дәріс оқу барысында елшілер Скандинавия түбегіндегі елдердің қарым-қатынастарының даму тарихы туралы, осы мемлекеттер арасында орнаған ынтымақтастық процесіндегі тағдырлы шешімдері мен сәтті бастамалары туралы айтып, рационалды және аса тиімді мемлекеттік басқару тәжірибесімен, олардың адами, зияткерлік, табиғи ресурстары жөнінде мәліметтерімен бөлісті. Сонымен қатар, Норвегия, Швеция және Финляндияның әлемдік рейтингте халықтың өмір сүрі жағдайы, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша, халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша көш бастап келуіне ықпалын тигізген, Скандинавия елдерінің мемлекеттік қызмет моделі және жоғары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың басты басымдылықтары туралы айтты, ол табысты экономиканың және жоғары ұйымдасқан азаматтық қоғамның негізгі көрсеткіші болып табылады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер