BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2018 жылы Қа­зақ­стан БҰҰ ҚК төрағалық еткенде қан­дай жұмыс атқарады?

Фото: aikyn.kz

2018 жылғы қаңтарда Қа­зақ­стан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді. Осы лауазымда еліміздің қан­дай жұмыс жүргізетінін ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, Қауіпсіздік Кеңестегі мемлекеттер оның жұмысына ағылшын тілінің әліпбиі тәртібімен кезектесіп басшылық жасайды. Төрағалық бір ай күнтізбелік уақытқа созылады.

«Біз Кеңес отырыстарына және бейресми консультацияларға төр­ағ­алық ететін боламыз. Төраға БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне кір­мейтін мүше мемлекеттері үшін Кеңес жұмысының ай сайынғы бағдарламасы туралы брифинг өткізеді. Ол сонымен бірге мүше мемлекеттермен, БҰҰ-ның негізгі органдарының және арнайы меке­мелерінің басшыларымен, өңір­лік және басқа да топтардың төр­ағаларымен екіжақты кездесулер ұйымдастырады. Төрағалықтың функциясына ҚК мүшелерінің келісімімен, оның ішінде БҰҰ органдары басшыларының бейресми кездесулерінде Кеңес атынан мә­лімдеме жасау кіреді. Төраға бейресми консультациялардың барысында және ҚК құжатының мәтіні бойынша Қауіпсіздік Кеңесі келісімге қол жеткізген әрбір жағдайда аяқталған талқылаулардың қорытындылары бойынша баспасөз өкілдерінің алдында Кеңес атынан мәлімдемелер мен түсіндірмелер жасайды. Сондай-ақ, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңе­сінің төрағасы қызметінде БҰҰ Хатшылығының жәрдемімен Қау­іп­сіздік кеңесінің күнделікті үз­дік­сіз жұмысын қамтамасыз етуі тиіс», - дейді министр Қайрат Әбдірахманов.

Министр осы кезге жоспарланып отырған бірқатар маңызды іс-шараларға да тоқталды.

«Осы кезеңдегі негізгі іс-ша­ра ретінде біздің Мемлекет бас­шы­­сының қатысуымен өтетін халық­аралық бейбітшілік және қауіпсіздік бойынша жоғары деңгейдегі БҰҰ ҚК ашық пікірталастарын шақыру идеясын пысықтаудамыз. Оның сыртында, Орталық Азия және Ауғанстан бойынша министрлер деңгейіндегі пікірталастарды, сондай-ақ елшілер деңгейіндегі Таяу Шығыс жөніндегі тоқсандық пікірталастарды жоспарлап отырмыз», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер