BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жамбыл облысының тәуелсіздік мерекесіне орай іс-шаралар жоспары белгілі болды

Астана. 22 сәуір. Baq.kz. Жамбыл облысында «Бірлік пен Жасампаздыққа 25 жыл» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жылдықты атап өту бойынша жыл соңына дейінгі атқарылатын шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Бұл жайында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов мәлімдеді.

«Өңірде барлығы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 380 шара жоспарлануда, - деді спикер. - Әр айға белгіленген тұжырымдама бекітілді. Мысалы, наурызда өтетін шара Ұлы дала дәстүрлеріне арналады. Желтоқсан айына дейін әр айда ерекше шаралар өтетін болады. Жыл басынан бастап тәуелсіздіктің 25-жылдығын мерекелеу аясында 96 шара өтті, оған 14 мыңнан астам адам қатысты. Мерекеге арналған ҮЕҰ 13 жобасы бар», - деді ол мерекеге қатысты алдағы жоспармен бөлісіп,
Е.Манжуов тәуелсіздік күнін атап өтудің негізгі мақсаты - мемлекеттілікті, ел бірлігін одан әрі нығайтып, барлық халықты «Мәңгілік ел» құндылықтарының айналасына шоғырландыру болып табылатынын баса айтады. «25 күн - 20 қараша мен 16 желтоқсан аралығындағы шара Тәуелсіздіктің 25 жетістігіне арналады, бұл күндері басты мерекелік шаралар өтеді», - деді сөзін жалғап.
Облыстағы аудан орталықтарында, білім беру ұйымдарында, мәдениет мекемелерінде «Болашағы біртұтас ел» брендінің аясындағы шаралар ішінде спорт жарыстары ұйымдастырылып, көрмелер, этномәдени бірлестіктердің қатысуымен концерттер өткізу жоспарлаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер