BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жақып Асанов: Жер бетіндегі 6 мыңнан астам ұлттың үш-ақ пайызы бақытты  

Ақтөбе облысының жұртшылығымен кездесуде Бас прокурор бірнеше маңызды мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, Ж.Асанов тәуелсіздік алуымызды, шекарамыздың бекітілуін және Астананың салынуын ел тарихындағы елелулі оқиғалар ретінде атап көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz.

Сондай-ақ ол қолда бар тәуелсіздігіміздің қадірін түсініп, бағалай білуге шақырды.

«Биыл тәуелсіздігімізге – 25 жыл. Бұл мемлекет тарихы үшін түк те емес. Дегенмен, осы қысқа мерзімде біз айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Біздің басты құндылығымыз – тәуелсіздік. Жер бетінде 6 мыңнан астам ұлт бар екен. Солардың 3-ақ пайызы өзін бақытты санайды. Неге? Өйткені, сол екі жүз мемлекеттің тілі бар, жері бар, тәуелсіздігі бар. Шүкір, бұл тізімде біз де бармыз. Оған қоса 130-дан астам ұлт пен ұлысты айрандай ұйытып отырмыз. Бірлігімізге талай елдер қызығып та, қызғанып та жүр», - деді Ж.Асанов.

Сонымен қатар Бас прокурор еліміздің тәуелсіздіктің басты белгісі – БҰҰ тіркеген шекарасы бар екенін атап өтті. Оның пікірінше, шекара дауы тіпті соғысқа да айналып кетуі мүмкін.

«Осы үлкен мәселе қалай шешілді? Мұның бәрі Елбасының биік абыройы, беделі, дипломатиялық шеберлігінің арқасында. ТМД-да шекара мәселесін бүгінгі күні толық шешкен үш-ақ мемлекет болса, соның бірі Қазақстан.

Сондай-ақ, жаңа Астана салынды. Қаншама қиын жағдайға қарамастан, ел тағдыры үшін Президент Астананы көшіру туралы батыл қадамға барды. Қазір әлемдегі ірі қалалармен Астананың терезесі тең. Осы деңгейге жетеміз деп 25 жыл бұрын кім ойлады?, - деп толықтырды Ж.Асанов.

Сондай-ақ Бас прокурор қолда барды бағалау қажет екенін жеткізді.

«Аспанымыз ашық, еліміз бейбіт, жеріміз тыныш. Қолдағы алтынымыз осы. Осының қадірін түсінейік. Тәуелсіздігімізді бағалай білейік», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2016, 15:27
Оқ бойы озық шыққан оқырман
Пікірлер