BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

В.Шнайдер: Ешкім мәжбүрлемей-ақ қазақ тілін үйрендім Эксклюзив

Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері ширек ғасырға жуық уақыт өтті. Осы уақыт аралығында еліміз жан-жақты дамып, әлеммен терезесі тең мемлекетке айналды. 130 ұлттың басын қосып, бір шаңырақ астында, бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай болып тату-тәтті өмір сүріп жатқан қазақстандық ұлттардың ынтымақтастығы әлемге үлгі бола білді.

Елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері де Қазақстанның жетістігіне сүйініп, олқылығына күйінеді. Павлодар облысында дүниеге келіп, қазақтардың ортасында өскен Шнайдер Владимир Александрович ұлты неміс болса да қазақ тілін жетік меңгерген.

«Бір ауылда екі-ақ неміс отбасы тұрғандықтан, ешкім мәжбүрлемей-ақ қазақ тілін үйрендім», - дейді өз сөзінде ұстаз.

Соның арқасында қазір Қазақ тілі мен әдебиетінің ұстазы атанып, қазіргі кезде студенттерге мемлекеттік тілді үйретуде. Василий Александрович еліміздің жеткен жетістіктерін жоғары бағалап, Қазақстанда тұратын неміс ұлты атынан елімізді Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтаған еді.

ВИДЕО: Жандос КОКУМБАЕВ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер