BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық Банк Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай балалар мен жастар арасында конкурстар жариялады

ҚР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде ҚР ұлттық валютасы – теңге банкноттары мен монеталарының үздік бейнеленуіне арналған, 6 – 14 жас аралығындағы балалар суретінің конкурсын, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы эссе конкурсын жариялады, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Балалар мен жастар арасында өтетін байқау туралы банктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Конкурсты өткізу мерзімдері – 2016 жылғы 7 қазан – 15 қараша аралығы. Конкурстың қорытындылары ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін шығарылады. Конкурстың мақсаты ҚР ҰБ-ның қызметін, оның ішінде Банкнот фабрикасының және Қазақстан теңге сарайының қызметін танымал ету, балалардың білім деңгейін арттыру, эссе конкурсының мақсаты студент жастардың Ұлттық Банктің және тұтастай алғанда қаржы нарығының қызметіне, тәуелсіз Қазақстанның тарихына қызығушылығын арттыру, зерттеу қызметіне қызығушылықтарын ынталандыру" - делінген хабарламада.

Сонымен қатар банк басшылығы байқауға жолданатын эсселер тақырыбын да жариялады.

«Ұлттық валютаның Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуындағы рөлі»;

«Ұлттық валютадағы тұлғалар тарихы»;

«Қазақстандағы индустрияландыру және экономикалық өсу»;

«Қазақстанның әлемдік қаржы жүйесіне ықпалдасуы»;

«Қаржы секторының Тәуелсіздік жылдарындағы дамуы және жетістіктері».

Конкурстардың тәртібі мен талаптары төменде берілген осы конкурстар туралы ережелерде сипатталған және осында ұсынылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер