BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Ұлы дала ойындары» мәресіне жетті

Астана. 30 мамыр. Baq.kz – Алматы қаласында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен алып шаһардың 1000 жылдығына арналған «Ұлы дала ойындары» ұлттық спорт түрлерінің фестивалі мәресіне жетті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Еліміздің әр өңірінен қатысқан спортшылардың дүбірлі додасыда күрес, жамбы ату секілді спорттық шаралар насихатталды.

«Тәуелсіздік алғалы бері ұмыт қалған дәстүрлі ұлттық спорт түрлері жаңғырып келеді. «Ұлы дала ойындары» тарихи турнирінің 85 жылдық тарихы бар Алматы ипподромында өтуінің өзіндік мәні бар» - деді Б.Байбек.

«Ұлы дала ойындары» турниріне ұлттық спорттың 8 түрі еніп отыр. Бұл жолы 25 шақырымға созылған аламан бәйгеде алматылық Олжас Арықбаев тақымдаға тұлпар көмбеге бірінші болып жетсе, аударыспақтан Ермахан Рахматулла алдына түсер ешкім болмады. Сондай-ақ, теңге ілуден Ақылбек Қымызбаев жеңімпаз атанды. Қыз қуу сайысында Айдария Әлихан мен Ерболат Әбдіразақ үздік шықты. Бұдан басқа жамбы атуда тараздық Елдос Бадашев жеңіске жетсе, асық атуда Алматының «Дорожник-2» командасы үздіктер қатарынан табылды. Тоғызқұмалақ ойынында Оңтүстік Қазақстан облысының командасы бірінші орынға шықты. Ал жанкүйер асыға күткен көкпар додасында Астананың білекті жігіттері көш бастады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер