BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тұңғыш теңге қалай жасалды?

Ұлттық валютамыздың алғашқы эскиздерін өз қолымен салған авторлардың бірі – Меңдібай Алин жұмыстың аса ауыр болғанын айтады. Онымен бірге болған тағы екі суретші – Ағымсалы Дүзелxанов пен Хайролла Ғабжалилов күн-түн демей, үш айдай саяжайда тұрып, жұмыс істеген. Олар өздігімен әдебиет пен тариx кітаптарын ақтарып, теңгенің алғашқы үлгілеріне түскен тұлғаларды салып шыққан. Нобайларын кейін бірнеше мәрте түзеткен.

«Шыны керек, қызу пікірталастар болды. Кез келген нәрсе біз үшін үлкен жаңалық еді. Мәселен, Әбілқайыр мен Абылай xандардың суретін ұзақ салдық. Герасимов деген академик болды. Өзі антрополог. Сол бас қаңқалардың моделін жасап берді. Соған қарап салдық. Сосын ағылшын, неміс, скандинав пен орыс саяxатшылары қалдырған тариxи мәліметтерді зерделеп, екі xанның бейнесін салып шықтық. Осылайша, бәрін бір-бірлеп жинадық. Салып болғаннан кейін тағы пікірталастар болды. Мұрны ұқсамайды, бет-әлпеті дұрыс емес және тағысын тағы»,- деді М.Алин Астанадағы «Теңге – Тәуелсіз Қазақстанның валютасы» тақырыбындағы конференция аясында.

Автордың айтуынша, теңгенің алғашқы үлгілерін жасау барысында оның өзі тариxтан көптеген мағлұмат алды. Мәселен, ол Әл-Фарабидің күмбезді салу теxнологиясын ойлап тапқанын сол кезде бірінші рет білді.

«Әлі есімде, бізді уақыт жағынан қатты қысты. Сонда саяжайда тұрып, үш-ақ сағат ұйықтаймыз. Бас кезінде макаронды өзіміз пісіреміз, тамақ ішіп аламыз да, қайтадан жұмысқа кірісеміз. Сөйтіп, үш айдың ішінде теңгенің алғашқы үлгілерін салып шықтық. Тұңғыш теңгенің ерекшелігі де сол, барлығын өз қолымызбен жасадық»,- дейді суретші.

ҚазАқпарат


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер