BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Туған елге тағзым» экспедициясы Семейге жетті

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Туған елге тағзым» экспедициясы Семейге жетті. Экпедиция құрамында Петропавл және Қарағанды қалаларының Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары бар.

Көне шаһардың тарихи орындары мен Шүлбі су қоймасын, бұрынғы полигон сынақ алаңын, Жидебайдағы Абайдың мұражайын аралаған жас ғалымдар саяхаттан бөлек зерттеу жұмыстарымен де айналысты. Оқушылар тарих, экология, химия, география сияқты бағыттар бойынша ғылыми жобалармен айналысады. Мәселен, қарағандылық Әмина Махашбай еліміздегі балдырлар құрамын зерттеумен шұғылданып жүр.

Әмина Махашбай, экпедиция мүшесі:

- Осы жобам бойынша Курчатов қаласынан, Шүлбі су қоймасынан, Жидебайдағы судан судың үлгілері алынды. Сол судың үлгілерін микроскоппен қарап, ондағы балдырлардың түрлі құрамын қараймыз. Сол бойынша сол жерлердің, сулардың экологиялық жағдайын анықтауға болады.

Хабар 24.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Қыркүйек 2017, 09:19
Ақтөбеге Димаш келді
Пікірлер