BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тоқтар Әубәкіров: Тәуелсіздік жолында тапталған намыс пен төгілген арды ұмытуға болмайды Эксклюзив

Ол: «Қазақстан Тәуелсіздік алды деп естігенде қуанбаған қазақ жоқ, тымағымызды аспанға лақтырып едік» дейді. Ол ғарышқа ұшқанда да қуанбаған қазақ жоқ. «Қазақтан да бір ғарышкер туды-ау!» деген мақтаныш кернеген жүректер оның ғарыш-сапарын аңызға айналдырды. Тіпті, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкердің жерге оралуы мен Қазақ елінің тәуелсіздік алуын космостық байланысқа балайтындар да жоқ емес.

Ал ол болса 1986 жылы Желтоқсанда жанын қиған, жасын төккен, жастығын берген, қажыр-қайратын жұмсаған ұл-қыздарымызды, Тәуелсіздік жолында тапталған намыстар мен төгілген арды ұмытуға болмайды дейді.

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Видео: Бауыржан Жуасбаев


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер