BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ТМД елдері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ортақ шара ұйымдастырмайды

Фото: news-front.info

Тәуелсіздіктің 25 жылдығын ТМД мемлекеттері жеке тойлайды. Үлкен бір шара ұйымдастырылмайды. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан ТМД-ға мүше мемлекеттердің мәдени ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің XXХI отырысында Армения мәдениет министрінің орынбасары Артур Погосян мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жиында көптеген мәселелер талқыланады. Біз 16 сұрақты қарастыратын боламыз. Бұл мәдени, ақпараттық мәселелер және қабылданған заңдарға қатысты. Біз ТМД мемлекеттерінің жаңа мәдениет кодексін қабылдадық. Бұл – барлық мемлекеттердің мәдениет саласы бойынша қабылдаған заңдарының жиынтығы. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ТМД мемлекеттері бірігіп, ауқымды шара өткізуді жоспарлап отырған жоқ. Әр ел бұл мерекені жеке-жеке тойлайды», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, Артур Погосян Қазақстанның мәдени байланыстағы рөлін өте жоғары бағалады. Оның пікірінше, еліміз халықаралық мәдени шараларға белсенді түрде қатысып, ТМД мемлекеттеріне үлгі көрсетіп келеді.

Отырысқа Молдова, Беларусь, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясының өкілдері, сондай-ақ, ТМД Атқарушы комитеті мен Халықаралық Дельфи комитетінің өкілдері қатысуда.

Екі күнге созылатын отырыста ТМД мемлекеттері өзара мәдени іс-қимыл мәселелерін талқылайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер