BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тәуелсіздік тойына орай жыр жинағы жарық көрді

Астана қаласында «Азаттығым – ғажап күнім» атты поэзия антология­сының тұсаукесері мен жыр мүшәй­расы өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен рухани шарада отты жырлар оқылып, елдіктің асқақ әндері шырқалды.

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының қолдауымен жарық көрген поэзия жинағына еліміздің 45 ақыны және Қытай, Ресей, Моңғолия елдеріндегі қандастарымыздың, бас-аяғы жүзге жуық адамның жырлары топтастырылып отыр.

Елдегі ағайындар Қытайдағы қаламгерлердің шығармашылығымен таныс емес екені белгілі. Жаңадан шыққан жыр жинақ жан-жақты танып, сусындауға мүмкіндік тудырып отыр. Сонымен бірге, ақын-жазушылардың бір-бірімен танысып, білуіне, сұхбаттас болуына жол салып отыр. Жинақ шығарардан бұрын алдын ала жарияланған жыр мүшәйрасына қатысқандар ақындар тәуелсіздіктің 25 жылдығын жырлады. Ақындардан құралған қазылар алқасының шешімі бойынша, бірінші орын Құндыз Тұрдықызына берілсе, екінші орын астаналық Айжан Табаракқызына қанжығасына байланды. Жүлделі үшінші орын Әлімжан Әлішер мен Бауыржан Игілік сынды ақындарға берілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер