BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тәуелсіздік тойына арналған мүшәйра жеңімпаздары марапатталды

Астанада «Жастар» театрында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы орай «Азаттық аясында» тақырынбында республикалық жыр мүшәйрасының қортындысы жариялады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Қала әкімдігінің қолдауымен өткен шараға биыл еліміздің әр өңірінен жүзден астам ақын өз өлеңдерін жолдаған. Олардың он екісі қазылар шешімен жүлдеге ілініп отыр.

«Мүшәйра тақырыбы тәуелсіздікті, Астананы жырға қосуға бағытталды. Ел тарихындағы тарихындағы жарқын жарқын сәттерде жырға арқау ету. Осы арқылы жастарды отансүйгіштік пен патриоттыққа тәрбиелеу керекпіз», дейді Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының төрағасы Несіпбек Айтұлы.

Белгілі қаламгер Қажығали Мұхамбетқали бастаған «Астанамен сырласу» өлеңдер топтамасы үшін Әділбек Ыбырайымұлына бас жүлдені берді. Екі екінші орынға «Нұрлы көш» өлеңі үшін Дүкен Мәсімханұлы мен «Бердіғожа баһадүр» жыры үшін Дәулеткерей Кәпұлы тұрақтады. Үшінші орын аймақ ақындарының қанжығасы байланды. Ақтөбелік Бауыржан Бабажанұлы мен алматылық Нұролла Сағатбаев және қарағандылық Әсет Аманжолов үштікті қортындылады. Елордалық Нұрлан Қалқа, Олжас Қасым, Ербол Алшынбайжәне Медет Божан, Арман Шеризат сынды шайырлар ынтыландыру сыйлығына ие болса, Сәкен Сейфуллин мұражайы тағайындаған арнайы сыйлық астаналық ақын Есенгелді Сүйіновке бұйырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер