BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тәуелсіздік құрдастары Талдықорғанда бас қосты

Талдықорғанда облыстық жастар форумы өтті. Онда Тәуелсіздік құрдастары бас қосып, өзара пікір алмасты. Жастығына қарамастан олардың әрқайсысы өз саласының үздігі болып үлгерген.

Бірі мұғалім, бірі дәрігер, енді бірі мемлекеттік қызметте, тағы біреулері полиция мен әскери салада еңбек етеді. Ауыл шаруашылығына араласып, өз орындарын тапқандары да көп.

Жиында 60 адамнан тұратын жетісулық делегацияның құрамы анықталды. Олар Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай Астанада өтетін республикалық форумға қатысады.

Хабар 24.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер