BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тәуелсіздік күніне тарту: Апорт пен ет, саятшылық туралы роликтер

«Открывая Казахстан» жобасы екі жылдық үзілістен кейін көрермендерін қайта жаңа видеолармен қуантты. Бұл жолғы жұмыстарын олар ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаған, деп хабарлайды Baq.kz.

Аталған жобаның You-Tube-тегі каналында Тәуелсіздік күндері қарсаңында бірнеше жаңа видео жарияланды. Жоба авторлары халқымыздың асыл мұрасы – ақ шаңқан киіз туралы, жиырмасыншы ғасырдың ең танымал әйелдері, олардың ел дамуына қосқан үлесі жайында, Алматының атақты апорты мен қазақтың ұлттық тағамы ет туралы, оны дайындаудың қыр-сыры жайында видео түсірген. Бұған қоса, егемен елдің ұрпақтары – әр салада Қазақстанның атын әлемге әйгілеп жүрген жас таланттар мен саятшылық тақырыбына да видео арнаған.

Жоба авторларының Тәуелсіздік күніне тартуын назарларыңызға ұсынамыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер