BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы жолға шықты

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Бүгін сағат 14:15-те Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған акция аясында «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы жолға шықты. Астанадан бастау алған отарбаның ендігі аялдамасы – Қарағанды. Әр салада қызмет ететін 270 маманның сапары Алматы қаласында аяқталмақ, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

43 күннің ішінде 35 елді мекенге тоқтайтын пойызда дәрігерлер, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер, заңгерлер, депутаттар, ардагерлер және басқа да сала қызметкерлері бар. Олардың басты мақсаты – шалғай аймақтағы ауылдарды аралап, халыққа жәрдемдесу.

«270 адамның 72-сі дәрігер. Ауылды жерлерде тапшы онколог, невропотолог, балалар дәрігерлері аттанып барады. Сапардың басты мақсаты – ұлтаралық келісімді ел ішінде насихаттау. Ел бірлігін нығайту. Ауыл халқының көңілін көтеріп қайту», - дейді «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының басшысы Әміржан Әлпейісов.

Пойыз тоқтаған аймақтарда түрлі мерекелік іс-шаралар өткізілмек. Отарба 14 желтоқсан күні Алматы қаласында өз сапарын аяқтайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер