BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Таразда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған монумент ашылды

Тараз қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған монумент ашылды.

Монумент Төле би даңғылы мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында орналасқан. Монументтің салтанатты ашылуына облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев, шығармашылық тұлғалар, ардагерлер мен жастар жиналды.

Аталған шара барысында облыс басшысы монументке гүл шоқтарын қойып, көпшілікті алдағы келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

«Бұл – тәуелсіздіктің нышаны, ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жалғасатын нышан. Монументтің жоғарғы жағында «Қазақстан-2050» Стратегиясының белгісі қойылған. Тәуелсіздік – біздің жақсы өміріміздің негізі. Ұлт басшысының басшылығымен біздің ел әлеуметтік-экономикалық және саяси қиындықтарды жеңе білді, және 50 дамыған елдің қатарына енді», - деп атап өтті облыс әкімі.

Жаңадан ашылып, Тараз қаласына ерекше көрік беріп тұрған бұл монументтің биіктігі 14 метр, жоғары жағында «Қазақстан-2050» стратегиясының белгісі орналастырылған. Ал ең төбесінде қазақтың қасиетті шаңырағы белгіленген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер