BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тәпей Қайысханұлы: Қазақ-Қытай достығы ірі экономикалық дамуларға беталып жатыр Эксклюзив

Қытайда тұратын қандасымыз, ақын, мәдениет қайраткері Тәпей Қайысханұлы Қазақ Елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, бейне-сәлем жолдады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақ Елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құтты болсын! Дүние жүзі қазақтары бұл мерекені қуана құптап, жүрекжарды сәлемдерін жолдап жатыр.

Қытай елінде тұратын жалпы жұрт та бұл мерекеге орай үлкен қуанышпен тілектестігін білдіреді.

Қазақ-Қытай екі елдің достығы барған сайын қоюласып, шынайы ілгерілеу жолына, стратегиялық, экономикалық дамуларға беталып жатыр», дейді ақын.

Қытайдағы қазақ поэзиясына өзіндік өрнегімен келген ақын, жаңа ғасырға беталған бірнеше буын қандас жастардың рухани әлеміне жолбасшылар қатарында еңбек етіп, Үрімжіден шығатын «Шұғыла» журналының бас редакторы қызметінен зейнетке шыққан екен.

Видео: Руслан Қанабеков


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер