BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Табысты елдің тарихына шолу жасалды

Астанада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры мен Мемлекет тарихы институты бірлесіп «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: табысты мемлекет, табысты ел» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын бастады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Конференцияда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков шет мемлекеттерден келген ғалымдар және отандық тарихшылар тәуелсіз еліміздің 25 жылда қол жеткізген жетістіктері мен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қалыптастырудағы тарих ғылымының рөлін зерттеу турасында айтып өтті.

Польшалық ғалым Владыслав Соколовски «Поляк ғылыми зерттеулеріндегі Қазақстан мемлекеттілігінің мәселелері (ХІІІ-ХХІ ғғ.)» тақырыбында ой өрбітті. Анкарадағы Гази университетінен келген тарих ғылымдарының докторы Гүлжанат Құрманғалиева Түркиядағы Қазақстан тарихына қатысты еңбектерге ерекше тоқталып өтті. Оның сөзінше, Түркияда біздің елдің тарихына байланысты әлеуметтік ғылымдар бойынша 400-ден астам диссертация қорғалып үлгерген екен.

Конференция барысында Қазақстандағы Польшаның бұрынғы елшісі Владыслав Соколовски бастаған ғылыми редакция даярлаған «Хандықтан республикаға дейін: Қазақстан мемлекеттілігінің тарихи және заманауи шарттары» атты кітабы таныстырылып өтті.

Бұл кітапта мемлекетіміздің табысты ел екені баяндалған. Бұл еңбекке жерлес ғалымдардың да ғылыми мақалалары енді. Польшада осындай тарихи кітаптың Қазақстан үшін мақтанарлық жайт.

Ғылыми конференцияда ғалымдар еліміздің тарихын зерделеп, ой сарабынан өткізіп шықты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер