BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ШҚО-да Тәуелсіздік күнінде 200 орындық спорт кешені ашылды

Риддер қаласында ҚР Тәуелсіздігі күнінде 200 орындық көпсалалы спорт кешені ашылды. Барлық жоғарғы талаптарға сай құралдармен және тренажерлармен жабдықталған кешен бір мезетте бірнеше спорт түрінен жаттығу жұмыстарын жүргізуге қауқарлы.

Кешеннің ашылу салтанатына қатысқан ШҚО әкімінің орынбасары Қуат Тұмабаев Риддер қаласының тұрғындарын тәуелсіздік күнімен құттықтап, тілегін білді.

Құны 180 млн. теңге құраған кешенде баскетбол, футбол, волейбол сынды спорт түрлерінен бөлек, жеңіл атлетика, күрес, дзюдодан жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, жуықта кешенге қарасты көркем гимнастика мектебі ашылады деп жоспарлануда.

– Олимпиадалық спорт түрі болып саналатын көркем гимнастикаға қазір жастар арасында қызығушылар саны артуда. Сондықтан алдағы уақытта көркем гимнастика мектебін ашуды жоспарлаудамыз, – деді Риддер қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Нұрғалиев.

Кешеннің ашылу салтанаты 2003-2004 жылғы жасөсіпірмдер арасындағы шағын футболдан облыстық чемпионатқа ұласып, аймақтың түкпір-түкпірінен келген командалар бақ сынасты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер