BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодар филармониясы тәуелсіздік тойына тарту жасады

Астана. 28 мамыр. Baq.kz - Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және өнер ордасы Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының 70 жылдығына орай мерекелік кеш өткізді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Өңірлік өнер ошағы биылғы атаулы күнге байланысты дайындық жұмыстарын ұзақ уақыт жүрігізіп, жергілікті өнерсүйер қауымға халықаралық байқаулардың лауреаттары Нұржан Сарқамбаев, Лейла Сейсенбава және ҚР Мәдениет қайраткерлері Талжібек Атамбек, Күлжан Қайырбекова әннен шашу шашты. ҚР Мәдениет қайраткері Талғат Кәрімовтың жетекшілігі мен қазақ ұлт аспаптар оркестрі әдеттегіше өз биігінен көріне алды.

Егемендік мерекесіне орай өткен кеште Иса Байзақовтың «Желдірмесі» ,«Еске алу», А. Жұбанов «Тәжік биі», «Ақшағала», Ш.Рақышев «Табиғат сазы»,Ә. Бейсеуов «Байтақ елім», Абылайханның «Шаңды жорық»,«Ұлы дала елі» сынды шығармалар ұсынылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер