BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өскемен зейнеткерлері Тәуелсіздік күніне орай 7 мың теңгеден алады

Қалалық мәслихат депутаттары аз қамтылған қарттарға қаржылық қолдау білдіру мақсатында осындай шешім қабылдады.

Мерекеге орай берілетін бірреттік ақшалай сыйақыны зейнетақысы 41 мың теңгеден аспайтын өскемендіктер алатын болады. Қаржылай көмек облыс орталығының 10 мыңнан астам тұрғынына көрсетіледі. Бірақ төлем мереке күндерінен кейін түседі. Әлеуметтік көмектің өзге де түрлері секілді төлем Қазпошта бөлімшелері арқылы жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ, депутаттар «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін бекіту және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары тізбесін анықтау ережесіне» өзге де өзгерістер енгізді. Келер жылы күшіне енетін жаңа Ережелер ҰОС және ауған соғысы ардагерлеріне қатысты. Өскемендіктерге берілетін әлеуметтік көмек көлемі туралы кейінірек хабарланады.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қарттарға 3000 теңгеден берілген болатын.


ҚазАқпарат


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер