BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ордабасында аналарға құрмет көрсетілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Ордабасы ауданында әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен "Аналар - шаңырақтың шаттығы" салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудан әкімі А.Мамытбеков барша ақ жаулықты аналарды мерекемен құттықтап, бүгінгі қоғамдағы әйелдердің орнына ерекше тоқталды. Саналы ұрпақ қалыптастырудағы ерен еңбектерін атап өтіп, барша аналардың алдында бас иетінін жеткізді. Осылайша, ауданның алтын алқалы және ардагерлер аналарға ақ жаулық жауып, ниеттестігін білдірді.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан нәзікжандылар да сахнаға шақырылып, марапатталды. Қоғамдық шараларда белсенділігімен танылған азаматшаларға аудандық мәслихаттың Алғыс хаты тапсырылды.

Аудандық мәслихаттың депутаты З.Маханова, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы М.Зәйтүнқызы еліміздің Тәуелсіздік алған жылы шаңырақ көтерген отбасыларды мерейлі тойларымен құттықтады. Аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы ретінде Замира Сабекқызы ұстаздар арасындағы 25 жыл отасқан отбасыларын марапаттап, сый-сияпат табыстады.

Мәні де мағынасы да терең шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концертіне ұласты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер