BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаев 3 ұлттық театрға академия мәртебесін берді

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай кәріс, неміс және ұйғыр театрларына академия мәртебесін берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгін мен 3 ұлттық: кәріс, неміс және ұйғыр театрларына академия мәртебесін беремін. Бұл елімізде театр өнерінің жаңа деңгейге шығуға септігін тигізеді деген үміттемін. Аталмыш театрлар ұжымын құттықтаймын. Сіздерге зор шығармашылық табыс тілеймін», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Қазақ елінде газеттер мен журналдар 15 тілде басылатындығын атап өтті.

«Біздің газеттер мен журналдар 15 тілде басылып шығады. Ал театрлар 7 тілде сөйлейді. Бұл – шындық. Мұндайды басқа елдерде кездестіре алмайсыз», - деді Елбасы.

Айта кетейік, Астана қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты фестивалі өтуде.

Маңызды жиынға 10 мыңнан астам адам қатысып жатыр.

Фестивальде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» және «Қайырымдылық керуені» атты жалпы республикалық жобалардың қорытындысы шығарылды.

Іс-шараға Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, ҮЕҰ-дың басшылары, ЖОО-ның ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, қоғам қайраткерлері, зиялы және студенттер қауымы, Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, барлық өңірлерден келген республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері қатысуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер