BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Нұрбол Мұратбек: Оспан да болып атылып, Таңжарық болып толғандың...

Қытайда тұратын қандасымыз, жас ақын Нұрбол Мұратбек Қазақ Елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, жалынды жырлары арқылы бейне-сәлем жолдады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Иісі қазақтың жүрегіне шексіз қуаныш пен сенім сыйлаған бұл ұлы мерекені тебірене құттықтамайтын бірде-бір қандас жоқ шығар.

Бұл сөзімізге дәлел боларлықтай, жоғарыда аталған жас ақынның жалынды жырлары адам жанын терберліктей.

«Отаны бар отқа жанбайды, отаны жоқтың оты жанбайды дейді. Кешегі бабалардың арманы, Қайраттардың қанымен, Ләззаттардың арымен келген Тәуелсіздік ұзағынан болсын!

Тәуелсіздік мерекесі баршамызға құтты болсын!» деп тебірене жыр оқыды жас ақын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер