BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Н.Назарбаев: Бiз әлемге керек емес едiк...

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Астанада Тәуелсiздiк сарайында өтiп жатқан Тәуелсiздiктiң 25 жылдығын арналған салтанатты шарада Мемлекет басшысы тоқсаныншы жылдардағы қиыншылықтарды еске алды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бүгiнде Тәуелсiз Қазақстан – табысты, гүлденген мемлекет. Ал 1991 жылы жағдай өте күрделi болды. Мемлекет капитализмге бет бұрды. Экономиканың әкiмшiлiк командасының коллапсы миллиондаған адамды күйзелiске ұшыратты. Түрлi сарапшылар мен саясаттанушы-сымақтар жан-жақтан «ел құлдырайды немесе азаматтық соғыс болады» деп қорқытып жатты», - деп еске алды Президент.

Елбасы атап өткендей, 1990 жылдан Қазақстаннан түрлi себептермен 3 млн 600 мың адам көшiп кеттi.

«Әр жыл сайын бiзден бiр қаладан кетiп жатты деп айтуға болады. Сол жылдары елiмiздiң халқы 17,5 млн адамнан 14 млн адамға дейiн азайды. Бұл бiздiң экономикамызға қосымша соққы болды. Әлемге бiз қызықсыз болдық, оларға керек емес едiк. Бүгiнде осының бәрi бар болғаны 25 жыл бұрын болғанына сену қиын. Бiрақ бәрi осылай болды. Қазiргi жас ұрпақ үшiн бұл алыстағы тарих секiлдi, оларға үнемi осылай өмiр сүрген сияқтымыз. Бiрақ олай емес. Сол қиын кезең аға буынның есiнде. Бiз әлемдегi ең кедей мемлекеттердiң бiрi болдық», - дедi жиында Мемлекет басшысы.

Президент тәуелсiздiк жылдары ел игiлiгi үшiн жұмыс iстеген барша қазақстандықтарға алғыс айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер