BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Назарбаев: Президент, Парламент пен Үкiмет арасында өкiлеттiктердi қайта бөлетiн уақыт жеттi

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Астанада Тәуелсiздiк сарайында өтiп жатқан Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына арналған салтанатты шарада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент, Парламент пен Үкiмет арасында өкiлеттiктердi қайта бөлетiн уақыт жеткенiн айтып, арнайы комиссияға осы мәселенi зерделеудi тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Тәуелсiздiк тарихы жаңа мемлекеттi құру, реформаларды жүзеге асырудың табысын, ең алдымен, қуатты президенттiк билiк қамтамасыз ететiнiн көрсетiп отыр. Мемлекеттi дамытудың жаңа кезеңi объективтi түрде елдегi ахуал үшiн парламент, үкiметтiң жауапкершiлiгiн арттыру мәселесiн қояды. Конституцияда қарастырылғандай, Қазақстанда президенттiк басқару формасы бар мемлекет болды және осылай бола бередi. Бұл бiздiң қазiргi дамуымызды, бiздiң тарихымызды, мәдениетiмiздi және бiздiң дәстүрiмiздi көрсетедi», - дедi Н.Назарбаев.

«Мұнымен қатар Президент, Парламент пен Үкiмет арасында өкiлеттiктедi қайта бөлу мәселесiн қарастыратын уақыт жеттi. Арнайы комиссия осы мәселелердi зерделеп, тиiстi заңдарға, мүмкiн Конституцияға өзгерiстер енгiзу бойынша ұсыныстар енгiзуi керек», - дедi Елбасы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер