BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Назарбаев: Астананың желі қалпақ емес, адамның өзін ұшырып әкетеді

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығындағы қызықты оқиғалар жайлы айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президент ТРК-ға сілтеме жасап.

Отандық телеарналарда 16 желтоқсанда Қазақстан Президентінің қатысуымен "Тәуелсіздік тағылымы" арнайы жобасы көрсетіледі. Нұрсұлтан Назарбаев саяси қайраткерлермен, отандық кәсіпкерлермен бірге Қазақстанның жас әрі тәуелсіз мемлекет ретіндгі алғашқы қадамдары жайлы еске алады. Қасым-Жомарт Тоқаев, Иманғали Тасмағамбетов Ахметжан Есімов, Ұзақбай Қарабалин, Мұхтар Алтынбаев, Нұрлан Смағұлов, Иван Саэур және тағы да басқа белгілі тұлғалар тәуелсіздіктің 25 жылындағы қызықты оқиғалар жайлы айтады.

Аңдатпада Клинтонның сапары, елдегі бірінші жанармай құю бекеттері, Қашағанның ашылуы және Қазақстанның хронологиясындағы тарихи сәттер жайлы үзінділер көрсетіледі. Мәселен, роликтердің бірінде 1997-2000 жылдар аралығында "Қазақойл" МТҰК" ЖАҚ вице-президенті болып тұрған кезінде Мемлекет басшысына Каспий теңізінің 1998 жылғы бөлу бойынша құжатқа қол қою сәті жайлы айтып береді. Қарабалиннің айтуынша, құжатқа Мәскеуде 6 шілдеде қол қойылды, бұл Президенттің туған күні болатын. "Өзің білесің ғой, кейде 6 шілде көмектеседі", - деп жауап берді Назарбаев әзілдеп Қарабалинге.

"Бізде аяз қатты, қалпағыңды емес, адамның өзін ұшырып әкетеді. Ал жазда мұнда қандай масалардың болатынын білесідер ме?", - деп әңгімелейді Назарбаев видеороликте.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер