BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Моңғолияда тұратын қазақ ақсақал: Қазақстанның әр жетістігі біздің қуанышымыз Эксклюзив

Биылғы арта қалып бара жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі аталып өтілген 2016 жыл төрткүл дүниедегі қазақ баласына қайырлы жыл болды. Осы ерекше мерекелі жылдың соңын сонау атажұрттан жырақтағы Моңғолияда тұратын азғана қазақ атынан қара шаңырақтағы іргелі қазақты құттықтаған ақ тілекпен қорытындылауды жөн көрдік, дейді BAQ.kz тілшісі.

Моңғолияның Баян-Өлгий қаласында тұратын зейнеткер Тоқтал Жәнімханұлы өзінің ақжарма тілегін былайша жеткізеді:

"Тәуелсіздігіміздің тағаны берік, тұғыры құтты болып, әрқашанда аман-есен өсіп-өркендей берсін. Ағайынның алды ашық, маңдайы жарық болсын!" - деп батамен түйіндеді қария өз сөзін.

Немересін қасына отырғызып, алыстағы ағайынға ақжарма тілегін жеткізген қарияның ақ батасына біз де қосылдық.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер