BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мектептер мен көшелерге ҰОС ардергерлерінің аты беріледі

Қазақ Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай алдағы уақытта өңірлерде Отан үшін жанын берген 45 Ұлы Отан соғысы ардагерінің есімі көше және мектеп атауларына беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы тілдері фестивалі тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық – саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Биыл біз ономастикалық комиссияның келесі отырысын өткізіп, Тәуелсіздімігіздің 25 жылдығына орай бірқатар шараларды жүзеге асырамыз. Мысалы, Қазір біз 45 Ұлы Отан соғысы ардагерінің есімін өңірлердегі көше, мектеп атауларына беруді жоспарлап отырмыз. Бұл азаматтар отан үшін жанын берді. Барлық өңірлерден тапсырыстар алдық. Сол бойынша жұмыстар жүргізіледі», - деді басшы.

Сонымен қатар Ғалымжан Мелдешов қазақ тілін дамыту бойынша алдағы уақытта бірқатар жобалардың жүзеге асыралатындығын атап өтті.

«Биыл 4 сайтты пайдалануға берілді. Олардың мобильді нұсқалары бар. Мысалы Tilalemi.kz, Atau.kz ономастикалық, Emle.kz орфографиялық, Termincom.kz терминологиялық сайттарын сіз екі нұсқада пайдалана аласыз. Әрине, бұл 4 жобамен шектеліп қалмаймыз. Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен бірлесіп, жаңа жобалар дүниеге келетін болады», - деп түйіндеді сөзін төраға орынбасары.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер