BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасына көңіл бөлінді

Астана. 22 маусым. Baq.kz - Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметкерлерінің «Инновациялар және құзыреттілік тәсіл мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын арттыру құралы» халықаралық конференциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Астана қалалық Білім басқармасы мен «Нұр Болашақ» мектепке дейінгі ұйымдар одағы» заңды тұлғаларының бірлестігі, Қазақстан Республикасы Білім беруді дамыту академиясы ұйымдастырған басқосуға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Астана қаласының әкімдігінің қолдау көрсетіп отыр.

Қазақстандағы ЮНИСЕФ пеен Беларусь Республикасы Білім министрлігі, Беларусь халықаралық байланыстар орталығы және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері ат салысқан шараның негізгі мақсаты мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жүйесін дамытуға байланысты мәселлерді талқылау болып отыр. Сондай-ақ, қазіргі заманғы білім бастамалары шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қазіргі заманғы үрдістерін ұсынуға мүмкіндік беретін тәжірибемен белсенді алмасу, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің жетістіктерін талдау, Беларусь Республикасының мектепке дейінгі білім саласындағы жетістіктерімен танысу, сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қалыптастырудың практикалық мәселелерін шешуде ғалымдардың, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтарының, ата-аналардың, білім басқармасы мамандарының, кәсіподақ ұйымдарының күшін жұмылдыру көзделген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер