BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Көшпенділер ізімен» көрмесі «Шырқа гитара» концертімен басталады

Астана. 24 мамыр. Baq.kz - 26 мамырында сағат Алматыдағы «Ғылым ордасы» концерт залында «Шырқа гитара» атты концерті және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай «Көшпенділер ізімен» атты тақырыптық көрмесі деп өтеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ғылым ордасы» РМК мен Қазақстан Жас суретшілер одағы ұйымдастырғалы отырған рухани шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Дәлел Уәш, Болат Жомартов, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаттары Ержан Белғозиев, Гүлмира Ақүрпекова, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Қадырғали Көбентаев, мәдениет саласының үздігі Ершат Қайырхан, әнші, сазгер Гауһар Әлімбекова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Ұлбосын Белғозиева, Бауыржан Жылқыбаев, Ақбар Қи-Арыстан, Ермек Меденов және П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері қатысып, өнерлерін ортаға салмақ.
Айта кететіні, аталған көрме 26 мамыр мен 7 маусым аралығында өз көрермендерін күтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер