BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қытайдағы қандасымыз: Бұл қазақтың ғана емес, күллі түркі дүниесінің қуанышы Эксклюзив

Фото: Скриншот

«Әр қазақ менің жалғызым» дегендей, әлемдегі әр қазақ үшін Қазақстан – жалғызы. Ол қайда жүрсе де, қайда барса да, қандай күйде болса да, Қазақ еліне, қазақ жеріне деген бір қимас сезім, қайталанбас құштарлықпен өмір сүреді. Бұл Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтаған алыстағы қандастарымыздың сөз ләмінен-ақ байқалып тұрады, дейді BAQ.kz тілшісі.

Атажұрттан жырақта жүріп, арқатірек ағайынға ақпейіл, адал көңілімен «құтты болсын» айтқан алаш ұрпағының көңілінде бір мақтаныш бар.

«Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Бұл тек қазақтың ғана емес, түркі жұртына ортақ той» - дейді қытайда тұратын қандасымыз Болат Аққуұлы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер