BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кинематографистер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай өткізілген салтанатты жиында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет, өнер және спорт қайраткерлерін марапаттады.

- Биыл біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлап жатырмыз – бұл мемлекетіміздің тарихындағы маңызды күн болып қана қоймай, бұл күн тарихи меже де болып табылады. Елбасының сарабдал да көреген саясатының арқасында Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында бәсекеге қабілетті экономикасы, дамыған инфрақұрылымы және ірі интеллектуалды капиталы бар табысты мемлекетке айналды. Мемлекеттің өркендеуінде өз үлесін оның дамуына күнделікті еңбегімен үлес қосып жүрген әрбір азаматының маңызы ерекше, - деді министр.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдары 100-ден астам адамға табысталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты медальмен режиссер, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Бақыт Қайырбеков, сондай-ақ «Қазақфильмнің» басқа да қызметкерлері - Наталья Чернова, Улбопе Шалабаева и Александр Холодов марапатталды.

Аталмыш медальмен Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің тұрақтануы, егемендігінің нығаюы және әлеуметтік дамуына маңызды үлес қосқан еліміздің азаматтары және шет мемлекеттердің азаматтары наградталады.

Сондай-ақ, елге сіңірген еңбектері мен мәдениеттің дамуына үлес қосып, қоғамдық белсенді қызметі үшін Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті Серік Жұбандықов және режиссер Рүстем Әбдірашов «Құрмет» орденімен марапатталды.

Қоғамдық және мемлекеттік қызметімен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықтың нығаюына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан танымал актерлер Құман Тастанбеков пен Димаш Ақымов және продюсер Тасболат Мерекенов «Парасат» орденін иеленді.

Сонымен қатар, қоғамдағы ұлтаралық және азаматтық татулықты сақтау жөніндегі жемісті жұмысы үшін халықтар арасындағы бeйбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ciңipreн еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Достық» ордені ресейлік режиссер, «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің авторы – Сергей Снежкинке берілді.

Дыбысрежиссері Руслан Сакиев «Ерең еңбегі үшін» медальімен марапатталып, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын актерлер – Берік Айтжанов пен Алдабек Шалбаев, режиссерлер – Ермек Тұрсынов және Ардақ Әмірқұлов алды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер