BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазпошта» Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Мәңгілік ел» маркасын шығарды

«Қазпошта» АҚ ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мәңгілік ел» маркасын шығарды. Марканың тиражы – 7 500. Бағасы – 100 теңге. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде компанияның басқарушы директоры Сәуле Егембердиева мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін «Қазпошта» АҚ ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жаңа пошта маркасын шығарып, оған салтанатты түрде мөр басты. Салтанатты шараға «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ және «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-да 25 жыл еңбек еткен, экономикалық маңызы бар салаларды дамытуға өз үлесін қосқан қызметкерлер қатысты.

«Тәуелсіздік жылдары «Қазпошта» АҚ еліміздегі басқа компаниялар сияқты отандық экономиканың тұрақты дамуына өз үлесін қосты. 25 жылда компания мыңнан астам марка түрін шығарды. Ал бүгін компаниямыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мәңгілік ел» маркасын шығарды. Марканың тиражы – 7 500. Бағасы – 100 теңге. Жаңа маркаларды пошта бөлімшелерінен сатып аласыздар», - деді Сәуле Егембердиева.

Марканың суретін салған Ксения Плужникова. Жаңа марка 4 бояулы офсетті мөрден тұрады. Маркада УК бояулы қорғанысы бар элементтер қолданылған. Жаңа өнім «ҚР Ұлттық банкінің банкнот фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.

Айта кетейік, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылдады. Сол күннен бастап Қазақ елі өз конституциясы, валютасы мен ішкі және сыртқы саясаттағы даму бағыты бар егеменді мемлекет ретінде қалыптаса бастады. Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер