BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақстанның 25 кереметі» байқауының жеңімпаздары анықталды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай El.kz жобасы «Қазақстанның 25 кереметі» байқауын жариялаған болатын. Осы айдың 22-і күні акция мәресіне жетіп, жеңіске жеткен азаматтардың есімдері жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz.

El.kz жобасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында «Қазақстанның 25 кереметі» акциясын ұйымдастырған. Акция шарты бойынша, әлеуметтік желі қолданушылары өздерінің жеке парақшаларына еліміздің көрікті жерлері мен мәдени, археологиялық ескерткіштердің немесе Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстардың мәдениеті мен дәстүрінен сыр шертетін суреттерді жүктеуі тиіс болатын.

Байқау барысында суреттер санына шектеу қойылмады. Қолданушылар фотоларды желіге #25keremetkz немесе #25сhudeskz хэштегімен жүктеді. Барлық суреттерді редакция ұжымы іріктеді. Сонымен редакция алқасының таңдауы бойынша төмендегі суреттер ең үздік деп танылды.

Жеңімпаздардың бірі Дамир Әлиев

Акцияда жеңіске жеткен Дамир Әлиев мұндай шаралардың еліміз үшін маңызды екенін атап өтті.

«Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қазақстанның 25 кереметі» акциясы патриоттық сезімді нығайта түседі. Қазақстанның табиғаты әсем, қойнауы қазынаға бай өңірлерімен ерекше. Еліміздің түкпір-түкпірін асықпай аралайтын болса, сұлулығына көз тоймайтын тамылжыған табиғаты жүректі баурай түседі. Кезекті сапарымда түскен суретімді жолдап, мен де аталмыш акцияға қолдау білдіруді жөн санадым. Себебі, Қазақстан – киелі мекеніміз. Еліммен мақтанамын!», - деді ол.

Жанат Нұрхан

«Қазақстанның 25 кереметі» деп өзінің аты айтып тұрғандай, маған акцияның атауы, мақсаты ұнады. Кең байтақ Қазақстанымыздың әр өңірін аралағанымызда әдейілеп жоғары сапалы фотоаппаратпен түсірмесек те, мобильдік құрылғымен табан тіреген жерлеріміздің табиғатын суретке түсіруге тырыстық», - дейді Жанат Нұрхан.

Толғанай Кабдуллаева

Жеңімпаздардың үшіншісі толқыны жағаны соғып жатқан теңіздің керемет қайталанбас сәтін суретке түсіріп жіберіпті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер