BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан Туы Антарктиданың ең биік шыңында желбіреді

Тұңғыш Президент күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Антарктида бағытындағы «Тәуелсіздік полюсі» ғылыми-зерттеу экспедициясы басталған болатын. Кеше, яғни 16 желтоқсан күні экспедиция мүшелері аталмыш шыңғы еліміздің көк байрағын тікті, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Леонид Питаленко, ҚХА, Қазақ географиялық қоғамы, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ қатысты.

16 желтоқсанда экспедиция мүшелері Қазақстанның мемлекеттік туын Антарктиданың ең биік нүктесі - Винсон шыңына (4892 м) тікті. Олар экспедиция барысында 200-ден астам километрді шаңғымен жүріп өтті. Ал ғылыми қызметкерлер экология, биология салалары мен Антарктиданың экстремалды жағдайларының адам физиологиясына әсерін зерттейді.

Полярлық экспедиция қатысушылары - белгілі альпинистер Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбеков ауа райының өзгерістеріне байланысты кестеге енгізілген түзетулерге қарамастан, Винсон шыңына шықты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер