BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан – Парадельфий ойындарын өткізетін алғашқы мемлекет

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, қараша айының 1-5 аралығында Степногорск қаласында ХІІ ұлттық дельфи ойындары өтпек. Парадельфий ойындарын ТМД елдерінің ішінде Қазақстан алғашқы болып өткізбек. Бұл ойында мүмкіндігі шектеулі жандар «Ым-ишарат тілінде ән айту» және «Хореография» номинациялары бойынша бақтарын сынайтын болады, деп хабарлайды Baq.kz.

Дельфий ойындары – жас таланттардың басын қосып, олардың ішінен ең үздігін анықтайтын ұлттық байқау, классикадан бастап қазіргі заманға дейінгі өнердің барлық түрін қамтитын жарыс.

Жарыс жеңімпаздары «Фортепиано», «Скрипка», «Баян/аккордеон», «Ұлттық аспаптар (домбыра, прима-қобыз, қыл-қобыз)», «Академиялық ән айту», «Дәстүрлі ән айту», «Халық биі», «Заманауи би», «Фотосурет», «Тележурналистика», «Қысқаметражды кино-бейнероликтер», «Өнертапқыш», «Киім дизайны», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Ым-ишарат тілінде ән орындау шеберлігі», «Ди-джей» аталымдары бойынша анықталады.

Әр жылы өтетін бұл дәстүрлі байқау ел мәдениетіне тың серпіліс жасауда.

«Ұлттық Дельфий ойындары комитетінің бастауымен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мәдени бағытта түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатын. Енді ондай шараны халықаралық аренаға шығару идеясы туындап отыр. Ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған байқаулар жоқ емес. Дегенмен, олардың барлығы тек арнайы мамандандырылған ортада ғана ұйымдастырылады. Ал, Дельфий ойынында ондай жандар қатарларынан қалыспай, барлығымен тең дәрежеде сайысқа түсе алады. Осы орайда айта кететін бір жайт, ТМД елдерінің ішінде Қазақстан «Прадельфийлік» идеясын ұсынған алғашқы мемлекет болып отыр», – дейді Қазақстандағы Ұлттық Дельфий комитетінің директоры Құралай Түспекова.

Иә, осы бір игілікті іс одан әрі өзінің оңтайлы шешімін тауып, қарқынды дамуы үшін атқарылар жұмыстар әлі алда. Сол себепті, әлемнің кез келген азаматы өзінің еш кемшіндеу жағдайына қарамай, өзгелермен тең дәрежеде өнерін шыңдауға әбден лайық.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
18 Наурыз 2017, 20:47
Азарт ойындар...
Пікірлер