BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы Елбасының есiмiн елордаға беру бастамасын қолдауға шақырады

«Қазақстан-2050» демократиялық күштердiң жалпыұлттық коалициясы бүгiн қазақстандықтарға арналған үндеу қабылдап, ел азаматтарын «Тәуелсiз Қазақстан» монументiн тұрғызу, Ата заңымызда Елбасымыздың ерен еңбегiн атап көрсету және есiмiн Елордаға беру бастамаларын қолдауға шақырады, деп хабарлайды деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Жиында сөз алған «Нұр Отан» партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Тәуелсiз Қазақстанның 25 жыл iшiнде ауқымды табыстарға қол жеткiзгенiн атап өттi.

«Алғаш рет елiмiздiң тарихында халықаралық құжаттар мен елiмiздiң шекарасы бiржолата шегенделдi. Сондай-ақ Қазақстанның бүгiнгi жетiстiктерiне берiк iргетас болып қаланған Конституциямыз қабылданды. Елiмiзде саяси-экономикалық және әлеуметтiк реформалар жүзеге асты. Екi палаталы бiздiң парламентiмiз, кәсiби үкiметiмiз, тәуелсiз сот жүйесi қалыптасып, ойдағыдай жұмысын атқарып отыр. Осының барлығы Қазақстанды әлем таныған бүгiнгi биiктерге шығарды», - дедi М.Құл-Мұхаммед.

Оның айтуынша, осы жылдары Қазақстанда этносаралық, дiнаралық қарым-қатынастың бiрыңғай моделi құрылды. Бұдан бөлек, Президент алдағы жылдардағы республикамыздың дербес даму жолын «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» секiлдi стратегиялық құжаттарды қабылдау арқылы айқындап бердi. Елiмiзде бес институттық реформа мен «100 қадам» Ұлт жоспары сәттi жүзеге асырылып жатыр.

«Қазақстанның даму моделi көптеген басқа елдерге үлгi болып танылды. Бiз посткеңестiк кеңiстiкте басты шетелдiк инвестияларды тарту орталығына айналдық. Шетелдiк банктер мен компаниялар бiздiң экономикамызға 260 млрд доллардан астам қаржы құйды. Қазақстан бiздiң өңiрдегi интеграциялық процестердiң басты локомативiне айналды. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропадағы ұжымдық қауiпсiздiк шарты ұйымы және «Ұлы Жiбек жолы» секiлдi ауқымды халықаралық жобалардың маңызды қатысушысына айналды. Ұлт көшбасшысының жоғары беделiнiң арқасында бiздiң республика ТМД елдерi iшiнде бiрiншi болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық етiп, Астанада саммит өткiздi. 2017 жылы бiрiншi қаңтарда тарихымызда тұңғыш рет Қазақстан БҰҰ-ның Қауiпсiздiк кеңесiнiң мүшесi болады. Бұл Ұлт көшбасшысының сыртқы саясатының орасан жетiстiгi. Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың мақтанышына айналған елiмiздiң жаңа астанасын салды. Алдағы ЭКСПО көрмесi Астана мен елiмiздiң даму тарихының жаңа парағын ашады деген сенiмдемiн», - дедi ол.

Жиын қорытындысы бойынша «Қазақстан-2050» демократиялық күштердiң жалпыұлттық коалициясы қазақстандықтарға арналған үндеу қабылдайды.

«Елiмiздiң барлық азаматтарын «Тәуелсiз Қазақстан» монументiн тұрғызу, Ата заңымызда Елбасымыздың ерен еңбегiн атап көрсету мен оның есiмiн Елордаға беру бастамаларын қолдауға шақырамыз», - дедi М.Құл-Мұхаммед.

Коалиция мүшелерi ел азаматтарын Елбасының мемлекеттiк бағыт-бағдары аясындағы бiрлiк пен ынтымақтастыққа үндедi. Бұдан бөлек, құжатта бес институттық реформа, «100 қадам» Ұлт жоспары және «Мәңгiлiк Ел» идеясының Қазақстанның даму жолында маңызды рөлге ие екендiгiне ерекше көңiл бөлiнген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер