BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақ тілі БҰҰ Бас Ассамблеясының төрінен естілді – Н.Назарбаев

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Бүгін Астанада өткен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерейтойда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің өрісі кеңейіп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Біз қасиетті қазақ тілі мен ұлттық мәдениетіміздің жаһандық гуманитарлық кеңістікке еркін енуін қамтамасыз еттік. Өздеріңіз көріп, естідіңіздер, қазақтың тілі БҰҰ Бас Ассамблеясының төрінен естілді. Ол ғарыштан да естілді. Бүгінде интернеттің де тілі болып отыр», – деді Н.Назарбаев.

Президент отандық ақпарат құралдарының басым көпшілігі қазақша шығатынын атап өтті.

«Естеріңізде болса, бір кезде, Тәуелсіздікке дейін Алматыда бір ғана қазақ мектебі бар еді. Өткен 25 жылда елімізде қазақ тілінде білім беретін 1 мыңнан астам мектеп ашылды. Бүгінгі таңда мектеп оқушыларының үштен екісінен астамы, студенттердің 60 пайызға жуығы мемлекеттік тілде білім алып жатыр. Еліміз бойынша қазақ тілін оқытатын 350 орталық табысты жұмыс істеуде», – деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Президент қазақ тілі әлемнің бірнеше мемлекетінде, атап айтқанда, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Мажарстан, Польша, Әзербайжан, Армения сияқты елдердің университеттерінде оқытылып жүргенін айта кетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер