BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қайрат Нұртас қызықты эстафета бастады

Бүгін «I LOVE KZ» атауымен әлеуметтік желілерде жалпыұлттық флешмоб бастау алды. Қайрат Нұртас Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай көк байрағымызбен бірге түскен суреттерді жариялау эстафетасын қолдады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Біз барлығымыз өз еліміз, Отанымыз – Қазақстанды сүйеміз, қазір мен сіздердің әрқайсысыңыздың Қазақстан жалауымен суретке түсіп, оны #I_LOVE_KZ xештегімен орналастыруға шақырамын! Еліміздің жалауымен селфиге, суретке түсіңіздер, дакфейс, снапчат жасаңыздар! Біздің идеямызды қолдаңыздар және достарыңыз бен таныстарыңызға жеткізіңіздер, сіздердің барлық таспаларыңыз біздің жалаудың сары-көк түсімен жарқырай берсін! Елімізге деген маxаббатты осылай жеткізуге тырысып көрейік! Жылдағыдай Тәуелсіздік күнін жаңа жылдың көлеңкесінде қалдырмау өзімізге байланысты!» – деп жазды ол.

Құрметті жазылушылар, достар! Еліміздің Тәуелсіздігі Күніне дейін аз уақыт қалды, біз барлығымыз өз еліміз, Отанымыз – Қазақстанды сүйеміз, қазір мен Сіздердің әрқайсысыңыздың Қазақстан жалауымен суретке түсіп, оны #I_LOVE_KZ xештегімен орналастыруға шақырамын! Еліміздің жалауымен селфиге, суретке түсіңіздер, дакфейс, снапчат жасаңыздар! Біздің идеямызды қолдаңыздар және достарыңыз бен таныстарыңызға жеткізіңіздер, Сіздердің барлық таспаларыңыз біздің жалаудың сары-көк түсімен жарқырай берсін! Елімізге деген маxаббатты осылай жеткізуге тырысып көрейік! Жылдағыдай Тәуелсіздік күнін жаңа жылдың көлеңкесінде қалдырмау өзімізге байланысты! Кеттік, достар!

Фото опубликовано Кайрат Нуртас (@kair_n)

Бұл идеядан Қыдырәлі Болманов та тыс қалмапты.

«Аталарымыздың арманы болған, ақ білектің күшіменен, ақ найзаның ұшыменен қорғап өткен, арман еткен, Алла бірақ бізге, ұрпағына нәсіп еткен, қасиетті де киелі Тәуелсіздігімізге 24-күн уақыт қалды. Бүгіннен бастап Қазақ елінің әр тұрғыны әлеуметтік желілерде әр түрлі, ең бастысы көк байрақ туымызбен, үлкен болсын, кішкентай ту болсын, отбасымызбен, жеке болсын, ауылда, қалада түскен суреттерін жарияласа. Ең бастысы ниет. Өз Тәуелсіздігімізді өзіміз ұлықтау флэшмобын қабыл алыңыздар. Жалғастырыңыздар. Өзіміз әрекет жасайық. Құрметті қазақстандық бауыр-қарындастарым!!! Жан емес маған керегі, көк тудың желбірегені!», - деп жазған өзінің инстаграм парақшасында.

Аталарымыздың арманы болған,ақ білектің күшіменен,ақ найзаның ұшыменен қорғап өткен,арман еткен,Алла бірақ бізге,Ұрпағына нәсіп еткен,Қасиетті де киелі Тәуелсіздігімізге 24-күн уақыт қлды.Бүгіннен бастап Қазақстан Мемлекетінің әр тұрғыны әлеуметтік желілерде әр түрлі,ең бастысы көк байрақ туымызбен,үлкен болсын,кішкентай ту болсын,отбасымызбен,жеке болсын,ауылда,қалада болсын,бұрын түскен,ертең түсетін,бәрібір..Ең бастысы ниет !!! Өз Тәуелсіздігімізді өзіміз Ұлықтау Флэш-мобын қабыл алыңыздар !!! Жалғастырыңыздар !!! Еліміздің Тәуелсіздігінің Тұғыры биік болуына Жүректерімзді де,жанымызды да сарқа салайық !!! Алладан күнде тілейік!!! Өзіміз әрекет жасайық,Құрметті Қазақстандық Бауыр-Қарындастарым !!! Жан емес маған керегі,-Көк Тудың Желбірегені !!!

Фото опубликовано Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

Бұл эстафетаны көптеген қазақстандықтар қош көріп бастап кеткен екен. Желіде тумен түскен сурет күн санап ұлғайып келуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер