BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Халық ойындары тәуелсіздік тойына арналды

Астанада ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ІІ халық ойындары басталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Екінші рет өтіп жатқан шарадаға қаладағы түрлі этно орталық өкілдерінің жанындағы жексенбілік мектептің оқушылары қатысуда.

Бұл шарада түрлі ұлттардың дәстүрлік ойындары көпшілік назарына ұсынылып отыр. Сонымен қатар, жасөспірімдер өз өнерлерін ортаға салуда.

«Астана қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан ІІ халық ойындарын ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Жоспар бойынша солардан құралған бес команда бақ сынауы тиіс еді. Бірақ қатысуға өтініш білдірген этнобірлестіктер көп. Жеті команда бүгінгі сында жеті халықтың ойындарын көрсететін болады. Қазақ, қырғыз, күрд, ұйғыр, татар, башқұрт, орыс халқының ойындарын ұсынбақ. Ойындардан басқа этномәдени бірлестіктердің шығармашылық топтары концерт қойып жатыр. Бұл ойындарда жекелей орын берілмейді. Ереже бойынша фестивальге қатысушылар арнайы сыйлықпен марапатталатын болады», дейді қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.

Оның сөзінше, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында біраз шаралар жоспарланып отыр. Алда жастар арасында жұмысын көрсету үшін ең үздік бейне презентация жұмыстарына байқау өтеді. Оған этно бірлестік жанындағы жастар қанаттары қатысады. Нәтижесі қыркүйек айында жарияланбақшы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер