BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Германия қазағы: Қазақстан Тәуелсіз ел болды дегенді естігендегі сезімімді сөзбен жеткізе алмаймын

Фото: Азаттық

Германияда тұратын қандасымыз, журналист, қоғам қайраткері Өмірхан Алтын Қазақ елінің Тәуелсіздік алған сәтін Азаттық радиосының эфирінен ең алғаш қалай таратқанын айтып берді, дейді BAQ.kz тілшісі.

Ол кезде Азаттық радиосының Германиядағы кеңсесінде журналист болып қызмет атқаратын Өмірхан Алтын 1991 жылы 16 желтоқсан күні жұмысқа шығып, күллі қазақтың қуанышын әуе толқыны арқылы төрткүл дүниеге таратқанын мақтанышпен айтады.

«Хабар 24» арнасының «Сұқбат» бағдарламасына қонақ болған қандасымыз «Қазақстан Тәуелсіздігін алды деген сәттегі сезімімді, қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын» - дейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер