BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Е.Сұлтанов «25 жұлдызды күн» шарасын ашты

Петропавл қаласында «Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн шарасы салтанатты түрде басталды. Ауқымды республикалық акция Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Baq.kz СҚО әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараны ашқан жастар мерейтойлық «25» санын құрады. Онда Назарбаев интеллектуалды мектебінің 500-ге тарта оқушысы қатысты.

Салтанатты түрде мемлекеттік әнұран орындалған соң, өңір басшысы Ерік Сұлтанов құттықтау сөз сөйледі. Облыс әкімі жалпыхалықтық мерекенің мәні мен маңызына тоқталды.

«Мемлекетіміз үшін маңызы зор, ұлы мереке –Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жалпыхалықтық деңгейде мерекеленуде. Бүгін біз Қазақстанның егемендік жылдарда жеткен жетістіктері мен табыстарын паш ететін «Ұлы Дала елі –Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн шарасын бастаймыз. Тәуелсіздіктің 25 жылдығында еліміз тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды», - деп атап өтті облыс әкімі.

Аға буын өкілдерінің атынан жиналғандарды еңбек ардагері, облыстың құрметті азаматы Нэлли Иванова құттықтады.

«Петропавл қаласы – Қазақстанның солтүстік қақпасы. Біздің облыс Отанымыздың тарихын талай жарқын беттерге толтырды. Мемлекеттің басты байлығы Ұлы Отан соғысы, Тың игеру, нарықтық экономика жылдарында ерен еңбектің үлгісін көрсеткен халқы, елінің батыр азаматтары. Философтардың айтуы бойынша, өркениетті даму мемлекет байлығымен емес, астығының мөлшерімен емес, халқымен бағаланады. Біздің солтүстікқазақстандықтар бірнеше мәрте мұны дәлеледеп келеді», - деді Нэлли Александровна.

Өз кезегінде жастар атынан Қызылжар ауданының тұрғыны Думан Закирин сөз сөйледі.

«Жастар – болашақтың негізі. Осылай деп Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқан. Біздің жақсы білім алуға, лайықты жұмысқа орналасуға мүмкіндігіміз көп. Бейбіт аспан астында жарқын болашаққа сенімді жоспар құрамыз. Біздің басты байлығымыз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін қорғауға, сақтауға сөз береміз», - деді Думан Закирин.

Ерік Сұлтанов Думан Закиринге «Солтүстік Қазақстан облысындағы Тәуелсіздік құрдастарының тілегі» кітабын табыстады. Бұл кітап барлық аудан орталықтарына жеткізілетін болады. 25 «жұлдызды күн» ішінде өңір жастары аталған кітапқа өз тілектері мен лебіздерін жазады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
24 Қазан 2018, 09:37
Жаңа күнім - жаңа бағым
Пікірлер